«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 17 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың бесіншіден бастап отыз алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), «цифрлық үкімет» веб-порталы, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүгінеді.